Решение домашних заданий

Арыстан туралы ертегі қүрау

9 июля 2016 / Школа / Комментарии: 1

Арыстан туралы ертегі қүрау

Арыстан туралы ертегі қүрау: один комментарий
  1. love5is
    9 июля 2016 в 14:06 – Ответить

    Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан
    ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
    — Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, — депті.
         Арыстан оның сөзіне күліп:
    — Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
         Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
       Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:
    — Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
    — Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, — депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.

Добавить комментарий