Решение домашних заданий

Текст

22 июля 2016 / Школа / Комментарии: 1

Текст

Бүгін — Елнұрдың анасының туған құні. Елнұр анасына жыл сайын гүл шоғын немесе әтір ұсынатын. Ақшаны әкесі беретін. Ал бүгін әкесінен ақша алмады. Түсті қағаздан гүлдерді қиып, қағазға жапсырды. Анасына деген құттықтау тілегін жазды.
Кешкісін отбасымен мерекелік дастарқан басына жиналды. Бәрі туған күн иесіне сыйлықтарын бере бастады. Елнұр сыйлығын ұсынуға ұялып, тұрып қалды. Осы кезде ұлына анасының көзі түсты.
-Ұлым, саған не болды ?
-Анашым, мен сізге сыйлықты қолдан жасадым. Сыйлығымды беруге ұялып тұрмын, — деп Елнұр артына тыққан сыйлығын ұсынды.
Анасы құттықтау тілегін дауыстап оқыды.
Нұрын төккен маған
Шуағымсың сен !
Айналайын, ана,
Туған күніңмен !

Шаттандырған мені
Ән қанатым сен!
Құттықтаймыз сені
Салтанатыңмен!
-Ұлым, бұл Мұқағали Мақатаевтың өлеңі ғой
-Иә, анашым, біз мұны қазақ тілі сабағында жаттадық.
-Бұл мен үшін ең қымбат сыйлық! деді анасы.

Вопросы:
1. Елнұр анасының туған күніне қандай сыйлық әзірледі?
2. Ол неге ұялды?
3. Елнұр кімнің өлеңін жазған?
4. Бүл сыйлық неліктен анасына қымбат болды?
5. Сен анаңның туған күніне қандай сыйлық ұсынар едің?
Пожалуйста ответы на казахском языке из текста

Текст: один комментарий
  1. Zholdasova2001
    22 июля 2016 в 5:03 – Ответить
    1.өз қолынан анасына гүл шоқ қиып құттықтау хат жасады
    2.Себебі оның сыйлығы қолдан жасалған еді
    3.Мұқағали Мақатаев
    4.Себебі Елнұр өзі еңбектеніп шынайы сезімін білдірді
    5,Мен де анама шын көңіліммен өз қолыммен әдемі бұйым сыйлар едім

Добавить комментарий